Қазақстанда сот сараптамаларын жүргізу бойынша жоба пилоттық түрде жүргізілуде

Қазақстанда сот сараптамаларын жүргізу бойынша жоба  пилоттық түрде жүргізілуде

Әділет министрлігі сот сараптамалары қызметтерінің ең ірі тапсырыс берушісі ретінде ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп (2020 жылы – сот сараптамаларының жалпы санының 87%) Бас прокуратурамен келісе отырып сот сараптамаларының жекелеген түрлерін жүргізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты, атап айтқанда, Сот сараптамалары орталығы филиалдарының басшыларына сараптама өндірісін шарттық негізде жеке сарапшыға беру мүмкіндігін ұсыну.

Брифинг барысында Әділет министрі Марат Бекетаев атап өткендей, жобаның негізгі мақсаты - сараптама жүргізу мерзімдерін қысқарту, мемлекеттік сарапшылардың жүктемесін азайту, жеке сот сараптамасы институтын дамыту.

«БП, ІІМ-мен бірлескен бұйрық шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Қостанай және Павлодар облыстарында қылмыстық істер бойынша жекелеген сараптама түрлерін бәсекелестік ортаға беру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды», - деді М.Бекетаев.

Сондай-ақ, Жоғарғы Сотпен бірлесіп, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының Сот сараптамасы институттарында соттардың бастапқы сот-құрылыс, тауартану және экономикалық сараптамаларды азаматтық істер бойынша жеке сот сарапшыларына тағайындауы бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылғанын атап өткен жөн.

Сараптамалардың елеулі үлесі мемлекеттік сот сарапшыларына тағайындалатыны құпия емес. Жеке сарапшыларды тарту сот ісін жүргізу процесіне қатысушыларға жеке сарапшылар институтының кәсіби қабілеттілігін көрсетуге мүмкіндік береді, бұл перспективада жеке ортаның одан әрі дамуына оң әсер етеді. Осыған байланысты, Әділет министрлігі жеке сот сарапшыларын осы жобаға белсенді қатысуға шақырады.