Алматы қаласы Медеу ауданының Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес, адвокаттар мен нотариустар 2017 жылы табыс салығы бойынша бюджетке 3,1 млн. теңге қарыздар болды.
Салық заңнамасына сәйкес табыс салығын уақытылы төлемеген жағдайда өсімпұл есептеледі. Алдағы уақытта уәкілетті орган қарыздарды өндіру бойынша тиісті шаралар қолдануды жоспарлап отыр.
Заң көмегін көрсететін тұлғалардың кәсіби этика кодексі қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауды талап етеді және оны бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікті көздейді.
Адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылар құқық пен заңға қызмет ету міндетін орындауға, заң үстемдігінің қағидаттарын қалыптастыруға және тәжірибеде іске асыруға, заң талаптарын қатаң сақтауға тиіс.
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02
pressgov@mail.ru