Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының екі оқылымында Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәсеелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қабылданды.
Заң жобалары азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдік беруді нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғандығын атап өтті.
Заң жобасында заң көмегін көрсету әркімнің сапалы заң көмегін алуға конституциялық құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бірыңғай шаралар жүйесі ретінде қарастырылады.
Заң жобасы заң көмегінің айқындылығын, әділдігін қамтамасыз ететін және сапасын арттыратын бірқатар басқа да ұсыныстарды қамтиды.