
Вебинар Анонсы: «Қазақстан Республикасында алимент бойынша берешекті өндіріп алу».
2021 жылғы 25 наурызда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі "Қазақстан Республикасында алимент бойынша берешекті өндіріп алу"тақырыбында вебинар нысанында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша онлайн-курс өткізетін болады.
Вебинарға қатысушы бола отырып, сіз мынадай мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз: алименттік міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болуы, алиментті ұстап қалу мөлшері, алиментті өндіріп алу бойынша талаптарды қанағаттандыру кезектілігі, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға арналған жалақы және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесі, алименттер бойынша берешек мөлшері айқындалғандай, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.
Вебинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушылар тақырып бойынша қызықты сұрақтар қоюға мүмкіндік алады.
Вебинар ҚР ӘМ "РҚАО" ШЖҚ РМК YouTube арнасында өткізіледі.
YouTube арнасына сілтеме https://www.youtube.com/user/rkaokz.
Алдағы онлайн-курс бойынша қосымша сұрақтарды телефондар арқылы алуға болады: 119; 8 (7172) 58 00 58, 8 (7172) 57 03 51.