
2018 жылғы 28 маусымда Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің бастамасымен Халықаралық экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаменті мен бірлесіп, халықаралық шарттарды жасасу, орындау және күшін жою мәселелері, сондай-ақ Еуразиялық Экономикалық Комиссия шешімдерінің ұлтүстілік сипаты туралы семинар өткізілді.

Семинарға мемлекеттік органдардың 34 өкілі қатысты.
Халықаралық шарттарды жасасу, орындау және күшін жою мәселелері бойынша Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары А.М. Айтқалиева «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес халықаралық шарттарды жасасудың талаптарын түсіндіріді.
Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің ұлтүстілік сипаты және олардың Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамасының қалыптасуына ықпалы мәселесі бойынша Халықаралық экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаменті директорының орынбасары Ж.С. Сююмбаева Еуразиялық Экономикалық Комиссия шешімдерінің жобаларын мемлекеттік органдармен міндетті түрде келісу туралы ережелерді ҚР заңнамасында бекіту мақсатында жүзеге асырылған жұмыс туралы ақпаратты ұсынды.
Сонымен қатар, семинар барысында өзекті және қатысушыларды қызықтырған сұрақтарына, атап айтқанда халықаралық шарттарды келісудің, әзірлеудің, жасаудың ерекшеліктері, 1965 жылғы 15 қарашадағы Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы және 1980 жылғы 25 қазандағы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Гаага конвенцияларының ережелерін қолдану, халықаралық шарттарды ратификациялау мен күшін жою кезіндегі әрекеттердің алгоритмі, сондай-ақ халықаралық шарттар жобалары бойынша толық электронды құжат алмасуға көшу мәселелері бойынша жауап алды.