
Қарағанды облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Жусупов академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ заң факультетінің түлектерімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын түсіндіру жөнінде кездесу өткізді.


А.Н.Жусупов өз адвокат мамандығына қол жеткізуге, соған сәйкес түлектердің заңгер мамандығына түсуі мен заңгерлер санының артуына мүмкіндік беретін Адвокаттар алқасына алғашқы жарнаның болмайтыны туралы түлектердің назарына жеткізді.
Сонымен қатар, А.Н.Жусупов Мәжіліс заң жобасына енгізген адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қызметін автоматтандыруға арналған заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құруға, адвокаттың, заң кеңесшісінің қызметінің орташа бағасын (қызмет түрлеріне байланысты) енгізуге, адвокаттардың тағлымдамадан өтушілерінің мәртебесін анықтауға, онымен тағлымдамадан өту шартын міндетті түрде бекітуді енгізуге, тағлымдама барысында атқарған жұмысы үшін оларды материалдық ынталандыру мүмкіндігі және т.б. қатысты түзетулер туралы хабардар етті.
Қарағанды облысы
әділет департаментінің
баспасөз қызметі