ҚР Әділет министрлігі уәкілетті орган ретінде жеке сот орындауы саласындағы істердің жағдайына алаңдаушылығын білдіреді.
Ағымдағы жылғы ақпанда Әділет министрлігі ЖСО Палатасының басшысына өңірлік Палаталармен барлық деңгейлерде талқылау жүргізу ұсынысымен шықты. Алайда, бүгінгі күні ешқандай шара қабылданған жоқ.
Яғни, ЖСО Палатасының қазіргі басшылығы өзінің функцияларын орындауға тұрақты қабілетсіздігін көрсетті.
1. Атап айтсақ, Палата мүшелері Палатаның кірістері мен шығыстары туралы ақпаратқа еркін қолжетімділікті қамтамасыз еткен жоқ. Сәйкесінше, олар ЖСО Палатасының басшылығы жұмысының тиімділігі не тиімсіздігі туралы ақпараттандырылған шешім қабылдай алмауда.
2. АІЖО ААЖ ілестіру және дамыту бойынша көрсетілген қызметтің үлкен берешегі қалыптасқан, бұл осы жүйенің толыққанды қызмет етуіне, яғни барлық сот орындаушыларының жұмысына қауіп төндіруде.
Бұл ретте, Палата басшылығының аталған проблеманы шешу бойынша нақты стратегиясы жоқ.
3. «Auctionone» ЖШС-дан ЖСО Палатасы алдындағы 112 миллион теңге сомасында берешекті өндіріп алу жөнінде ешқандай шаралар қабылданбаған. Палатамен жасалған шарт бойынша «Auctionone» ЖШС 2017 ж. өзінің кірісінің жартысын аударуға міндеттелген.
4. ЖСО штаты негізсіз үлкейтілген, 2017 және 2018 жылдары көптеген қымбат іс-шаралар жүргізілді, сондай-ақ іссапарлар, оның ішінде шетелдік іссапарлар қаржыландырылған, олар ЖСО институтының дамуына үлкен пайда әкелген жоқ.
5. Палата ЖСО институтының дамуына жеткілікті қарқынды қамтамасыз еткен жоқ және ақпараттық жүйелердің айқындылығына, мерзімдерді қысқартуға және жеке сот орындаушыларының қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізген жоқ.
Әділет министрлігі сот орындаушыларының тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастырады және заңнамада белгіленген тәртіппен жеке сот орындауы институтының тұрақсыздануына кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке (қылмыстық жауапкершілікке дейін) тарту үшін барлық қажетті шараларды қолданады.
Жоғарыда баяндалғанды есепке алып, жиналған проблемаларды талқылау үшін Әділет министрлігі кезектен тыс ЖСО съезін өткізу қажет деп есептейді.