
Ағымдағы жылғы 9-15 наурыз аралығында жер қатынастары, құрылыс және елді мекендерді абаттандыру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін онлайн форматта Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің негізгі ережелерін түсіндіру және оларды іс жүзінде қолдану бойынша семинарлар өткізілді.
Семинарларды Әділет министрлігі Жоғарғы Сотпен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарлардың негізгі мақсаты – құқық қолданушыларды 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Кодекс шеңберінде әкімшілік әділет және әкімшілік рәсімдердің жаңа моделіне көшуге дайындау болып табылады.