
Әділет министрлігінде 2019 ж. 7 маусымда ведомствоның басшысы Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста қарастырылды:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын (баяндаушы –Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов);
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын (баяндаушы – Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди);
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Үкіметтің қаулы жобалары.