
Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру және тиісті дағдылар мен білімімен ерекшеленетін мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы өткізілуде.
Республикалық конкурстың бірінші кезеңі бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды білу шарты бойынша Алматы облысында конкурстың келесі кезеңіне 4 үміткер, оның ішінде Әділет департаментінің бас маманы Құралай Аманжол жіберілді.