Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 31 мамырында Маңғыстау облысының Әділет департаментінде Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.С.Атагазиеваның, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілі А. Иманбаеваның, сондай - ақ адвокаттар мен Заң консультанттарының қатысуымен "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленген "Е-Заң көмегі" бірыңғай ақпараттық жүйесі инвестициялық жобасының тұсаукесері өтті.

Жобаның мақсаты халықты білікті заңгерлік көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ елде жүргізілетін экономиканы цифрландыру жағдайында адвокаттар мен Заң консультанттарының қызметін автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.

Аталған шарада Әділет министрлігінің және "ҰАТ" АҚ өкілдерімен "Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесінің жұмыс қағидаттары мен артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Атап айтқанда, адвокаттар мен заң консультанттарын сот талқылаулары шеңберінде жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді тексерудің қазіргі заманғы құралдарымен қамтамасыз ету және дәлелдемелерді жинау бойынша жұмыс процесін жеделдету, мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес ұйымдармен олардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық өзара іс-қимыл жасау туралы айтылды.

"Best profi" ақпараттық жүйесімен интеграциялау шеңберінде адвокаттар мен заң кеңесшілеріне байланысты құжаттардың арқасында құқықтық жағдайларды жан-жақты қарауды қамтитын Қазақстандағы сот тәжірибесінің бірегей интерактивті жинағымен жұмыс істеуге мүмкіндік берілді.

Сондай-ақ, "Е-Заң көмегі" мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша төлемді қамтамасыз ету үшін пайдаланылатыны атап өтілді. Осы жүйеге қосылған адвокаттар өз қызметтерін мемлекеттік бюджеттен жүйе арқылы жеңілдетілген тәртіппен ала алады.