«Жеке сот орындаушысының қызметіне төлем сомасын есептеуге арналған онлайн-калькулятор» сервисі

«Жеке сот орындаушысының қызметіне төлем сомасын есептеуге арналған онлайн-калькулятор» сервисі

Әзірленген функционал азаматтарға жеке сот орындаушысының     (бұдан әрі – ЖСО) қызметіне төлем сомасын есептеуге мүмкіндік береді. ЖСО қызметіне төлем сомасын есептеуге арналған Онлайн-калькулятор атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің басты бетінде (aisoip.adilet.gov.kz) кез келген пайдаланушы үшін қолжетімді.

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде төленетін ЖСО қызметіне ақы төлеу сомасы істердің санатына қарай есептеледі:

  • сомасы бойынша мүліктік сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін;
  • мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін;
  • мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар үшін.

Төлем сомасы есептің ағымдағы жылына сәйкес келетін айлық есептік көрсеткішке сәйкес есептеледі.

Есептеу нәтижелері бойынша сомалар сандық түрде көрсетіледі.