Бүгін Әділет министрі Қоғамдық кеңестің алдында есеп берді

Бүгін Әділет министрі Қоғамдық кеңестің алдында есеп берді

Кездесу барысында, министр есепті кезеңде министрліктің атқарған қызметі, мемлекеттік органның 2019 жылға арналған жоспары туралы ақпарат берді.

Ведомства басшысы өткен жылы әзірленіп қабылданған маңызды заңдар азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттің жекелеген институттарын дамытуға бағытталғаны туралы баяндады.

Осылайша, норма шығармашылық процесін жаңғыртуға бағытталған "Е-заңнама" бағдарламасын дамыту, одан әрі автоматтандыру және электрондық форматқа көшу арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстарын жақсарту және жеңілдету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар атап өтілді.

Сонымен қатар, министр мырза адвокаттық қызметті реформалаудың елеулі нәтижелерімен және зияткерлік меншікті қорғау саласындағы жаңалықтармен бөлісті.

Атқарушылық іс жүргізу, сот сараптамасы қызметін ұйымдастыру бойынша туындайтын мәселелерге және оларды шешу бойынша қабылданып жатқан шараларға назар аударылды.

Отырыс барысында министр Төрелік процестер мен шетелдік соттарда мемлекеттің қаржылық және репутациялық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын басып айтты.

Қоғамдық кеңестің төрағасы С. Ақылбай министрліктің барлық бағыттары бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылғаны туралы атап өтті.

Отырысты қорытындылай келе, Қоғамдық кеңес мүшелері бір жылда бірлесіп біраз жұмысты еңсеріп тастағанын айтып, министрлік қызметінің тиімділігін одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар берді.