
2019 жылғы 21 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшісі Уильям Мозермен бірге Орталық Азия елдерінің судьялары үшін «Зияткерлік меншік құқтарын қорғау жөніндегі соттық диалог» тақырыбында АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшілігі және АҚШ-тың Сауда министрлігі қолдауымен АҚШ-тың Патент және тауар таңбалары жөніндегі бюросы ұйымдастырған тренингтің ашылуына қатысты.
А.Мадалиев зияткерлік меншік құқығын қорғаудың тиімді жүйесін құрудың маңыздылығы ол елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға және бизнестің қарқынды өсуіне оң әсерін тигізетінін атап өтті.
АҚШ-тың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тәжірибесі әлемдегі құқық қорғаудың бірден-бір озық үлгісі болып табылады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін тиімді.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның судьялары АҚШ-тың зияткерлік меншік мәселелері бойынша сот тәжірибесінің түрлі аспектілері бойынша тренингке қатысады. Лекторлар - АҚШ федералды судьялары Дэвид О. Картер және Ресми Р.Торсон, АҚШ-тың Сауда министрлігінің және АҚШ-тың Патент және тауар таңбалары жөніндегі бюросының өкілдері.