
Әділет министрлігінде 2019 ж. 23 мамырда ведомствоның басшысы Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста қарастырылды:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы (баяндамашы– ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев);
2. «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы (баяндамашы – ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев );
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Үкіметтің қаулы жобасы («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын енгізу мерзімдерін ауыстыру туралы, баяндамашы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Ақтоты Райымқұлова)