«Жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметкерлердің этикасы» тақырыбында Шымкентте семинар өтті.

«Жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметкерлердің этикасы» тақырыбында Шымкентте семинар өтті.

Шымкент қаласы Әділет департаментінде 23 мамыр 2019 жылы «Жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметкерлердің этикасы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда Әділет департаменті басшысының орынбасары-әдеп жөніндегі уәкіл Б.Алипбек және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің» Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Альжанова департамент қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылық фактілерін болдырмау жөнінде сондай-ақ қатысушыларға этика нормалары стандартының талаптарын түсіндірді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Биліктің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының жеті негізі» аясында департаментпен жұмыстар күшейтілетін болады.