Заң талаптарын сақтамау - адвокаттық лицензиядан айырудың негізгі себебі

Заң талаптарын сақтамау - адвокаттық лицензиядан айырудың негізгі себебі

Әділет министрлігі С.В. Сизинцевті лицензиясынан айыру туралы талапқа қатысты келесіні хабарлайды.

«Әділет органдары туралы» Заңға сәйкес әділет органдары лицензиаттардың лицензиялау талаптарын сақтауына бақылау жасауды жүзеге асыруға міндетті.

Мониторинг қорытындысы бойынша С.В. Сизинцев 2016 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде Республикалық адвокаттар алқасында атқарушы директоры лауазымын атқарғандығы анықталды. С.В Сизинцев екі жыл бойы адвокаттық қызметімен қоса, басқа да ақы төленетін қызмет атқарып, алайда лицензиясының қолданысын тоқтатпаған, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел бұзу болып табылады.

Осыған байланысты, Министрлік «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 44-бабына сәйкес С.В. Сизинцевтің адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиясынан айыру туралы талаппен жүгінді.

2019 жылғы 21 мамырда Петропавл қаласының №2 сотымен Әділет министрлігінің С.В. Сизинцевтің адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясынан айыру туралы талапты қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Осыған орай, Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті адвокат С.В. Сизинцевтің қызметіндегі бұзушылықтар «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы»  Заң қабылданғаннан кейін алты ай өткен соң анықталған және Заңның кейбір ережелеріне қатысты оның сыни мәлімдемелерімен байланысты емес.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасын әзірлеуге Әділет министрлігінің 2016 жылдан бастап өткізілген бірқатар іс-шаралар алғы шарттар болды.

Мәселен, 2016 жылдың күзінде Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Ануар Түгелмен консультациялар басталды.

2017 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, адвокаттық қоғамдастығының өкілдері, Грузия, Украина, Түркияның, Еуропалық адвокаттар кеңесі мен заңгерлер қауымдастығының өкілдері, Дүниежүзілік банктің өкілдері, Қазақстан адвокаттары және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Адвокатура институтын реформалау және одан әрі дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2017 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Нотариат және адвокатура институттарын жетілдіру және реформалау» тақырыбында Үкімет сағаты өтті.

Үкімет сағатында Парламент депутаттары адвокатура туралы қолданыстағы заңнаманы реформалау мәселелерін талқылау нәтижелері бойынша қазіргі заман талабына сәйкес адвокаттық қызметті жетілдіру және одан әрі дамыту туралы ұсыныстар берді.

Аталған заң жобасы 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Халыққа білікті құқықтық көмек көрсету сапасын арттыру жөніндегі шаралар туралы» құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында көрсетілетін заң көмегін жетілдіру саласын қарастырды.

Тұжырымдамалар «Құқықтық актілер туралы» Заңның талаптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында занамалық жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларына және құқықтық мониторинг жүргізуге сәйкес әзірленді.

Атап айтқанда, Әділет министрінің бұйрығымен 40-тан астам адам, соның ішінде адвокаттық қоғамдастықтың өкілдері кіретін заң жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды: Қ.Р. Баймуханова, С.В. Сизинцев, Г.К. Ибраева,  Н. М. Неясова, Г.Б. Байғазина, Д.К. Канафин, Н.А. Жазылбеков, И.Ю. Осокина, А.Т. Шайхина, А.А. Кулубекова және басқалар.

Бұдан басқа қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізілді, НҚА-ның ашық интернет-порталында, Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылды және жеке кәсіпкерліктің аккредиттелген бірлестіктеріне және «Атамекен» ҰКП-ға, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілді, алдын ала қорытынды әзірленді.

Сондай-ақ, тұжырымдама мен заң жобалары адвокаттардың, нотариустардың, жеке практикамен айналысатын заңгерлердің және басқа мүдделі тараптардың қатысуымен барлық өңірлерде талқыланды.

Сонымен қатар, заң жобаларының тұжырымдамалары мен алдын-ала мәтіндерін әзірлеу шеңберінде жұмыс тобының мүшелерінің дайындалған пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның негізінде заң  қызметін көрсету саласын жетілдіру туралы шешім қабылданды.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасын әзірлеу шеңберінде адвокаттардың, нотариустардың, жеке практикамен айналысатын заңгерлердің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және халықаралық сарапшылардың қатысуымен Қазақстанның құқық нарығының қазіргі жағдайы талданды, халықаралық тәжірибе зерделенді, халықаралық ұйымдармен (Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро, Заңгерлердің халықаралық комиссиясы және басқа) бірқатар жемісті кездесулер, Заңның негізгі ережелерін талқылау бойынша іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, конференциялар, аппараттық жиналыстар, бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеген сөздері, аймақтық орталық коммуникациялар қызметтері сайттарындағы брифингтер, бейне конференциялар және т.б.) талқыланатын шаралар өткізді.

А.Түгелдің өтініші бойынша Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның заң жобаларының тұжырымдамаларын қарау 2017 жылдың тамызынан қыркүйекке ауыстырылды.

2017 жылғы 14 қыркүйекте заң жобаларының тұжырымдамалары Заңнамалық қызмет туралы ведомствоаралық комиссияның 437-отырысында қаралды, оның нәтижелері ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып мақұлданды.

2017 жылдың қазанында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары енгізілді.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде талқылау шеңберінде Қазақстан, АҚШ және Австрияның адвокаттық қоғамдастығының өкілдері, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен  ЕҚЫҰ-ның халықаралық сарапшылары кірген жұмыс тобы мүшелерімен заң жобасының жалпы ережелері мақұлданды.

Сонымен бірге адвокаттық қауымдастық өкілдері А.К.Түгел, К.Р. Баймуханова, С.В. Сизинцев, Н.А. Жазылбеков, Д.П. Кураченко, А.Н. Токаев, И.Н. Масанов, А.Т. Шайхина, Кусяапова Н.В., Кулубекова А.А., Раисова Б.А. 8 ай ішінде жұмыс тобының отырыстарында пікірталастарға белсене қатысты, олар заң жобасының белгілі бір ережелерімен келісуі немесе келіспеушілігі туралы өз позицияларын ашық және еркін білдірді.

2018 жылғы 5 шілдеде Заңға қол қойылды (2018 жылғы 23 шілдеде күшіне енді). Заңды іске асыру барысында Министрлік адвокаттық  қауымдастығының өкілдері, соның ішінде Қ.Р. Баймұханова, С.В.  Сизинцев, П.Б Носов, С.Б., Акатова, Г.К. Ибраева, Н.М. Неясова, Г.Б. Байғазина, А.А. Кулубекова, Б.Баймагамбетова, Б.С. Билялов, А.Т. Шайхина және басқалардың қатысуымен 20 заңға тәуелді актілер қабылданды. Сонымен қатар, заң кеңесшілер палатасы құрылды, «Бірыңғай құқықтық көмек ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі және тағы басқа құжаттар әзірленді.

Өз кезегінде, Әділет министрлігі ашық конструктивті диалог пен өзара құрметтеу қағидаттарын ұстанады.

Қатты сынға қарамастан, Әділет министрлігі заң жобасын жетілдіруге көмектескен барлық қатысушылар мен жұмыс тобының мүшелеріне, соның ішінде адвокаттарға ұсыныстары үшін алғысын білдіреді.

Әділет министрлігі пікірталасқа қатысушылардың барлық пікірлерін құрметтейді және жұмыс тобының мүшелері болып табылатын адвокаттармен конструктивті диалогтың мәнін түсінеді, олар өз пікірін ашық білдірді және заң жобасының ережелерін қатал сынға салды.

Әділет министрлігі өз пікірін еркін білдірген  адвокаттарға қарсы ешқандай әрекеттер жасаған жоқ.

Заңның үстемдігі Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық тұлғалардың олардың әлеуметтік мәртебесі мен лауазымдық жағдайына қарамастан, уақыт пен кеңістікте заңдылықты сақтаудың іргелі принципі болып табылады.