
Іс шараны Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы және ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламасы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрілігімен және ҚР Сыртқы істер министрлігімен БҰҰДБ бірлескен жоба аясында ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты азаптау жағдайларын тергеудің тиімді тәсілдерін іс жүзінде қолдану ұшін мамандарға кәсіби дағдыларын жетілдіруге көмектесу болды.
Үш күн ішінде қатысушылар азаптау фактілерін тергеудің негізгі мәселелерімен,сондай-ақ сот-медициналық сараптаманың халықаралық стандарттарымен және азаптау фактілерінің құжаттарымен танысты.


Ұйымдастырушылар атап өткендей,құқық қорғау органдары мен сот сарапшылары және адвокаттар арасындағы өзара іс-қимыл деңгейі азаптау фактілерін тиімді тергеу,сондай-ақ сот органдарының қарауына енізу үшін,сапалы дәлелді қамтамасыз ету үшін маңызды.
Семинар аясында халықаралық және ұлттық сарапшылар Русудан Бериашвили,Анара Ибраева,Арман Ақылбеков өз тәжірибесімен бөлісті,олар Стамбул хаттамасына сәйкес тергеу,дәлелдемелерді жинау және азаптаулар мен қатыгездік фактілерін құжаттау критерийлері туралы толық ақпарат берді.
Қатысушылар Стамбұл хаттамасының стандарттарын тәжірибелік-топтық жаттығуларда білді,бірқатар нақты жағдайлар талқыланды.
Кездесу нәтижесінде,сот құқықтық және құқық қорғау қызметінде,Стамбұл хаттамасының қағидаларын қамтамасыз ету үшін практикалық ұсыныстар жсалатын болады деп күтілуде.
1998 жылы Азаптауларға және басқа да қатыгез,адамгершіліке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға қосылды.Қазақстан азаптауды болдырмау және олардың обьективті тергеу міндеттерін атқарады.Осыған байланысты мемлекет тергеу процедураларын жүргізу және азаптау туралы айыптау фактілерін халықаралық стандарттарға тергеу сәйкестендіру міндетіне тап болды.Бас прокуратураның мәліметінше,2017 жылғы, Азаптауға қатысты 666 шағым түскен,2018 жылдың бірінші тоқсанында 214 өтініш келіп түсті.Елде 4 жылда 86 шенеуік азапқа айыпталған.
Қосымша ақпарат алу үшін БҰҰЛБ жобасысың менеджері Гульмира Тулеспаеваға хабарласыңыз (gulmira.tulesbayeva@undp.org)