Адвокаттар кіру жарнасын төлеместен Оңтүстік Қазақстан облыстық Адвокаттар алқасының мүшелігіне қабылданды

Адвокаттар кіру жарнасын төлеместен Оңтүстік Қазақстан облыстық Адвокаттар алқасының мүшелігіне қабылданды

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасының ережелерін түсіндіріп орындау бойынша іс-шаралар жоспарын бірқатар іс-шаралар атқарды.
Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы заң кеңесшілерінің палатасы құрылды, адвокаттардың, нотариустардың көмекшілері, тағылымдамадан өткендермен, жоғары оқу орындарының заң факультетінің түлектерімен кездесулер өткізілді.
Кездесуде Заң жобасының ережелері, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу тәртібін, заң кеңесшілер палатасына кіру тәртібі мен талаптары, Адвокаттар алқасына жарна төлемей кіру мүмкіндігі жөнінде түсіндірілді. Заң жобасының ережелері мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен талқыланып, өткізілді.
Жүргізілген жұмыстың негізінде 2 адвокат кіру жарнасын төлемей Оңтүстік Қазақстан облыстық Адвокаттар алқасының мүшелігіне қабылдануға мүмкіндік алып, әрі қарай адвокаттық қызметтерін Келес және Қазығұрт аудандарында атқаратын болды.

 

ОҚО Әділет департаментінің
баспасөз қызметі