
2018 жылдың 9 шілдесінде Астана қаласы Әділет департаментімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының нормаларын түсіндіру мақсатында «Астана» Университеті түлектерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының нормалары және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту ережесі түсіндірілді.Түлектеріне бастапқы нысаналы жарнасын төлеместен адвокаттар алқасына кіру мүмкіндігі және заң кеңесшілер палатасына кіру үшін қойылатын талаптар туралы ақпарат назарларына жеткізілді.Түлектер кездесуде белсене қатысып, соңында Департамент қызметкерлері «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобаға қосылған басқа да жаңалықтар талқыланды.
Астана қаласы Әділет департаменті