Ақмола облысының Әділет департаменті «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді

 Ақмола облысының Әділет департаменті «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді

А.ж. 11 маусымында  Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекет Басшысымен қол қойылған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Аталған құжат білікті заң көмегін алу туралы  конституциялық нормаларын жүзеге асыру және адвокаттық қызметі жүйесін жетілдіру, өмір сүру жағдайы қиын тұлғалары мен  әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға заң көмегін алуға мүмкіндігін қамтамасыз ету  мақсатында дайындалды.

 Аталған шарада Ақмола облысы заң кеңесшілері Палатасының мүшелері, жеке заң кеңесшілері, медиаторлар, мен  БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында заң кеңестерінің палатасын құрастыру және басқару тәртібі, оған кіру шарттары мен заң көмегін көрсету стандарттары түсіндірілді.

Кездесу қорытындылары бойынша, еліміздің азаматтарына заң көмегін көрсету саласында заңдылықты жетілдіруге оң ықпалын тигізгендігі атап өтілді.

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі