13 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті 2018 жылдың 1-жартыжылдығынының жұмысын қорытындылап, 2018 жылдың 2-жартыжылдығына басым міндеттерді нақтылады.

Департамент басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін салалары бойынша әділет басқармалары мен аумақтық сот орындаушылар бөлімдерінің жұмысына баға бере отырып, жұмысты жетілдіруге бағытталған ұсыныстар енгізді.
Сондай-ақ, департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Б.Алипбек – атқарған жұмысы мен «Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын сақтау туралы» тақырыбында баяндама жасап, қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртіптік шара қолдануға алып келетінін айтып өтті.
ОҚО Әділет департаментінің
баспасөз қызметі