
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу

2018 жылдың 18 шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Астана қаласы Әділет департаментінің ұжымымен кездесті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Нұрлан Мәжітұлы Әбдіров, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғанов, Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Рәмзия Фаатқызы Өмірбаева, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалының төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Шопанұлы Қожахметов қатысып отыр.
Кездесу барысында депутаттар Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасы және оларды жүзеге асыру тетіктері туралы, заң шығару саласында жүзеге асырылған реформалар туралы баяндады.
Өз кезегінде Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Г.Б.Турлыханова «Заң нормаларын қамтамасыз ету» институционалдық реформа аясында заңнамаға енгізілген өзгерістердің маңыздылын атап өтті. Депутаттарға алғысын білдіріп, барлық қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.
Астана қаласы Әділет департаменті