Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 және «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» а.ж. 24 шілдеде № 463 Үкімет қаулысы (бұдан әрі – Үкімет қаулысы) қабылданды.

Бұл Үкіметтің қаулысы орталық мемлекеттік органдардың және облыстық және аудандық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін (бұдан әрі – НҚА) электрондық мемлекеттік тіркеуге толық көшуін көздейді (2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоспарланған, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерімен шығарылатын актілерді қоспағанда).

Қағаз түрінде ұсынылатын «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгілері бар НҚА қоспағанда, мемлекеттік органдардың НҚА электронды түрде мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі - МОИП) арқылы ұсынылуы қажет.

Үкімет қаулысымен НҚА әділет органдарына ұсыну мерзімі әзірлеуші органның басшысымен бекітілген күннен бастап үш жұмыс күніне дейін қысқарады.

Алқалы органдар қабылдайтын НҚА үшін алқалы органның отырысы өткен күннен бастап жеті жұмыс күннен аспайтын мерзім және бірлескен немесе мүдделі мемлекеттік органдармен келісуді талап ететін НҚА үшін соңғы мемлекеттік органмен қол қойылған немесе келісілген күннен бастап үш жұмыс күніболады.

НҚА заң сараптамасы МОИП арқылы толық құжаттар топтамасы ұсынылған күннен кейін он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, түзетуге жататын ескертулер анықталған жағдайда, әділет органдары екі жұмыс күні ішінде НҚА пысықтау үшін қайтаруға өкілетті. Тиісінше, әзірлеуші орган жеті жұмыс күні ішінде ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдауы және пысықталған НҚА-ны қайта ұсынуы тиіс.

Пысықталған НҚА қайта келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әділет органдары ескертулердің жойылу пәніне салыстыру жүргізеді.

Ескертулер жойылмаған жағдайда, әділет органы мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Үкімет қаулысы а.ж. 24 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді.