Қазақстан Республикасының Әділет министрі Бекетаев М. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің ҚР-ндағы елшісі Майкл Джон Гиффордпен, сондай-ақ Англия және Уэльстегі Заңгерлер қауымдастығының Вице-Президенті Саймон Дэвиспен кездесті

2019 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі Бекетаев М.Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Майкл Джон Гиффордпен, сондай-ақ Англия және Уэльстегі Заңгерлер қауымдастығының Вице-Президенті Саймон Дэвиспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар жаңа «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңды, сондай-ақ Тараптардың ағымдағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және одан әрі ынтымақтастық пен мен өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.

Кездесудің қатысушылары тіркеу қызметтері мен заң қызметтерін ұйымдастыру, соның ішінде адвокаттар бойынша пікір алмасты және тәжірибелерімен бөлісті және бір-біріне жемісті жұмыс тіледі.