Алматы облысында «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы бастау алды

Алматы облысында «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы бастау алды

2019 жылдың 5 сәуірінде Алматы облысының Әділет департаменті «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясын өткізді.
Іс-шараның мақсаты - азаматтар мен заңды тұлғаларға әділет органдарының құзыретіне жататын сұрақтар бойынша құқықтық көмек көрсету, қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсініктемелер беру.
Акцияға Әділет органдарының  қызмет көрсету салалары бойынша білікті мамандар, адвокат, нотариус, жеке сот орындаушы  қатысты.
Іс-шара барысында акцияға қатысқан азаматтарға жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу, зияткерлік меншікті қорғау, сот актілерін орындау мәселелері бойынша мамандар тарапынан құқықтық көмек көрсетілді.
Адвокат, нотариус және жеке сот орындаушы өздеріне қойылған сұрақтар бойынша кеңестерін берді.