Қарағанды облысында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

Қарағанды облысында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

2019 жылғы 5 сәуірде Қарағанды облысының Әділет департаменті «Нұр Отан» партиясының және «Қазақстан заңгерлер одағының» облыстық филиалдарымен бірлесіп «Әділет кеңес береді» республикалық акциясын өткізді.
Өз сөзінде Әділет департаментінің басшысы А. Жүсіпов «Іс-шараның негізгі мақсаты – әділет органдары жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, Әділет министрлігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өмірдің әртүрлі жағдайында халыққа заңгерлік қызмет көрсету болып табылады», - деп атап өтті.
Акция барысында кездесуге келген облыстың 31 азаматына адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар, Әділет департаментінің қызметкерлері сапалы заң көмегін көрсетті.