Ақмола облысы Әділет департаментімен «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы өткізілді

Ақмола облысы Әділет департаментімен «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы өткізілді

Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде Әділет департаменті «Нұр Отан» партиясының филиалымен «Әділет кеңес береді» республикалық акциясын өткізді.

Шараның мақсаты – кұқықтық көмек көрсету, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасы жолдауының негізгі ережелерін, «Адвокаттық қызмет және құқықтық көмек туралы» Заңын, сонымен қатар әлеуметтік медициналық сақтандырудың тәртібін түсіндіру болып табылады.

Әділет департаментінің қызметкерлерімен көтерілген мәселелері бойынша атқарушылық өндіріс, азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын  мүлікті реттеу мерзімі мен нотариалдық, адвокаттық қызметтер бойынша сұрақтарға жауап берілді.