Әділет министрлігінде Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Әділет министрлігінде Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Ағымдағы жылғы 5 сәуірде ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста келесі заң жобалары қарастырылды:
1. Мәжіліс депутаттары бастамашылық еткен «ҚР Қылмыстық кодексіне және кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын және оған Үкімет қорытындысы жобасын (баяндамашылар  –  Парламент Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов).
2. «ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Үкіметтің қаулы жобасы («Педагогтің мәртебесі туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне педагогтің мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын енгізу мерзімдерін ауыстыру бөлігінде),  баяндамашы – ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары – Эльмира Суханбердиева.
3. «ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Үкіметтің қаулы жобасы («ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын енгізу мерзімін ауыстыру бөлігінде), баяндамашы – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі –Ержан Жылқыбаев.
4. «ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Үкіметтің қаулы жобасы (Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасын және оған ілеспе заң жобасын, енгізу мерзімін ауыстыру туралы), баяндамашы – ҚР Әділет вице-министрі – Наталья Пан.
5. ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы туралы (баяндамашы – ҚР Әділет вице-министрі – Наталья Пан).