ҚР-АҚШ кеңейтілген серіктестік Комиссиясының гуманитарлық өлшем жөніндегі Комитетінің отырысы

ҚР-АҚШ кеңейтілген серіктестік Комиссиясының гуманитарлық өлшем жөніндегі Комитетінің отырысы

 

2020 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан-Америка кеңейтілген серіктестік Комиссиясының гуманитарлық өлшем жөніндегі Комитетінің отырысы бейнеконференц байланыс форматында өтті.

Гуманитарлық өлшем жөніндегі Комитеттің жұмысына тең төрағалары ретінде ҚР Әділет Вице-министрі Ақерке Ахметова және АҚШ Мемлекеттік хатшысының демократия, адам құқықтары және еңбек қатынастары мәселелері жөніндегі көмекшісі Роберт Дестро қатысты.

Қазақстан делегациясының құрамына Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Әділет, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және қоғамдық даму, мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері кірді.

Сондай-ақ, отырысқа ҚР-ның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қазыханов пен АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозер қатысты.

Күн тәртібі сөз бостандығы, дін, кәсіподақтар қызметі, құқық қорғау және сот жүйесін реформалау мәселелерін қоса алғанда, кең ауқымды мәселелерді қамтыды. Адам саудасы, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын кеңейту, мәдени алмасу және инклюзивті білім беру мәселелері жеке қарастырылды.

Кездесу барысында американдық тарап адам құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде қазақстандық тараптан жүргізіліп жатқан күш-жігерді атап өтті.

Комиссия қорытындысы бойынша қатысушылар екі ел арасындағы іскерлік әріптестікті одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.