
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК директоры Рамазан Сарпековке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Құрметті Рамазан Құмарбекұлы!
Сізді осындай жоғары деңгейдегі марапатқа ие болуыңызбен Әділет органы қызметкерлері атынан шын жүректен құттықтаймыз! Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз.