
Ағымдағы жылғы 2-11 қараша аралығында және ағымдағы жылғы 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында мемлекеттік органдардың өкілдері мен судьялар үшін онлайн форматта Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің негізгі ережелерін түсіндіру және оларды практикада қолдану бойынша тренингтер өткізілді.
Іс-шаралар әкімшілік әділет және әкімшілік рәсімдер саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылар мен практиктердің қатысуымен өтті.
Тренингтер Дүниежүзілік Банктің және Miller, CANFIELD, W. BABICKI, A. CHELCHOWSKI I WSPOLNICY SPOLKA KOMANDYTOWA және GLCC Solutions LLC (Грузия) консорциумының қолдауымен сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы шеңберінде өткізілді.
Өткізілген тренингтер құқық қолданушыларды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Кодекске дайындауға бағытталған.