Бүгін Әділет министрлігінің «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі аясында сот актілерін орындау қызметін ұйымдастыру саласында азаматтарды онлайн-қабылдау өткізілді.
Қабылдау барысында алимент бойынша және басқа да атқарушылық іс жүргізу өндірістері қаралды.
Аталған іс – шараны өткізудің негізгі мақсаты - азаматтарға құқықтық көмек көрсету және проблемалық мәселелерді шешу болып табылады.
Осыған орай, азаматтарға заң көмегі көрсетіліп, тиісті ұсыныстар берілді.
Әділет министрлігінің «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі азаматтарды онлайн-форматта қабылдауды тұрақты негізде жүзеге асыратынын атап өтеміз.