2020 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігімен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен бірлесе отырып «Патенттеу объектілеріне мәжбүрлі лицензия беру» тақырыбында онлайн-тренинг өткізілді.

Пресс-релиз

Тренингтің мақсаты – Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) мүше мемлекеттердің дәрі-дәрмектер мен денсаулық сақтау технологияларына қол жеткізу үшін пайдаланатын икемді мүмкіндіктері бойынша ДСҰ-ның Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімінің ережелерін зерделеу болып табылады.

Тренинг жұмысына Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, Қазақстан Республикасы Әділет органдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.

Онлайн-тренинг барысында халықаралық сарапшылармен ЕАЭО елдерінде ТРИПС Келісімінің ережелерін қолдану, мәжбүрлі лицензиялау және мемлекеттік тапсырыстар, COVID-19 вакциналарына патенттік ландшафттар туралы деректер және ұсынылатын емдеу әдістері және т.б.  тақырыптарда материалдар ұсынылды.

Халықаралық сарапшылар мен тренингке қатысушылар жоғарыда көрсетілген мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, мәжбүрлі лицензиялау мәселелері бойынша тәжірибелерімен, ойларымен бөлісті.