
Жарияланған күні: 27 қараша 2020 жыл
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңестің құрамына енгізу үшін мүшеге конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
Құжаттар 2020 жылдың 11 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) мынадай мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Министрліктер үйі», Мәңгілік Ел даңғылы, 8, тел.: 8 (7172)740768. Электрондық адрес: s.smagulova@adilet.gov.kz, g.smanov@adilet.gov.kz Анықтама үшін: Жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда немесе өтінімдер көрсетілген мерзімі аяқталған жағдайда тапсырылса, өтінімдер қараусыз қалады.
Нысан
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне
____________________________________
Кімнен (өтініш берушінің А.Ә.Т.,)
Өтініш
Мен, ___________________, ________ _____ жылы туған, жеке куәлік № ________________________________., тіркелген (тұрғылықты жері) мекен-жайы: _______________________________, Қоғамдық кеңес құрамына өз кандидатурамды ұсынамын. "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабындағы Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәкестікті растаймын.
Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтерді қоса ұсынамын.
«____»__________20___ ж. _______________ _______________________
(толтыру күні) (қолы) (Т.А.Ә.)