
2018 жылдың 30 шілдесінде Алматы облысы Әділет департаментімен, Қазақстан заңгерлер одағы мүшелерінің ұйымдастыруымен нотариустармен, адвокаттармен және жеке сот орындаушылармен бірлесіп ашық консультациялық алаң «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының аудандық филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратында консультациялық кездесу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - азаматтар мен заңды тұлғаларға әділет органдарының құзыретіне жататын сұрақтар бойынша құқықтық көмек көрсету, қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсініктемелер беру.
Іс-шара барысында қатысушыларға жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу бойынша, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға қатысты құқықтық көмек көрсетілді.