Облыстың түзету мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан сотталғандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және құқықтық көмек көрсету шеңберінде, 2018 жылғы 10 тамызда СҚО Әділет департаменті СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, денсаулық сақтау басқармасының, білім басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ СҚО бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің, Солтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасының, СҚО Нотариаттық палатасының, облыс Кәсіби медиаторлар өкілдерімен бірлесіп Ольшанка а. ЕС-164/9 мекемесіне шығуды ұйымдастырды.
Іс-шара барысында 20 сотталғанға атқарушылық өндіріс, денсаулық сақтау, зейнетақы төлеу, нотариаттық және адвокаттық қызмет салаларында өздерін қызықтырған сұрақтар қою мүмкіндігі берілді, оларға толыққанды жауаптар берілді.
СҚО Әділет департаментімен жыл ішінде облыстың барлық түзету мекемелерінде ұқсас жұмыс өткізілетін болады.