
2020 жылғы 25 қарашада мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жұмыс қорытындысы бойынша 8-ден екі ҚҰБҰ аккредиттелді.
Комиссия отырысы онлайн режимде өтті https://www.facebook.com/Kun.KZ.Media/videos/224463055739330/
Өтінімдер алғаш рет «Е-license» жүйесі арқылы электронды форматта қабылданды. Аккредиттеуге 8 өтінім берілді.
Комиссия Әділет министрлігінің өкілдері, сондай-ақ қоғам өкілдері, Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы қоғамдық палата кеңесінің мүшесі Айман Мұсақожаева, ҚР ӘМ қоғамдық кеңесінің және «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ төрағасы Ақылбай Байсейітұлы, «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов бар құрамында өтінімдерге ұсынылған материалдарды (жалпы жиналыстың аккредиттеуден өту туралы шешімдері, сыйақы мөлшеріне, жиналған сыйақыны бөлу тәсіліне және төлеуге қатысты, авторлар мен құқық иеленушілердің пікірлері және т.б.) қарады.
Әділет министрлігі «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-2-бабының 7-тармағын, «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 9-тармағын басшылыққа ала отырып және Комиссия қорытындысының негізінде «Қазақстан авторлық қоғамы» РҚБ мен «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау коммерциялық емес ұйымы» ЖМ аккредиттеді және «Қазақстан зияткерлік меншік құқықтарын басқару қоғамы» РҚБ, «Қазақстан зияткерлік меншік агенттігі» ЗТБ, «Ұлттық авторлық бірлестігі» ҚБ, «Абырой» авторлық қоғамы» РҚБ, «Авторлар әндерінің одағы» РҚБ, «Қазақ әуендерінің орындаушылары» РҚБ аккредиттеуден бас тартты.
Аккредиттеуден бас тарту үшін Қағидаларда көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау, сондай-ақ авторлар мен құқық иеленушілер алдында ҚҰБҰ міндеттемелерін орындамау негіз болды.