Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңда адвокаттардың, заң консультанттарының қорғаушы немесе өкіл ретіндегі өз міндеттерін атқару кезінде қызметін автоматтандыруға, әділет органдарымен, адвокаттар алқаларымен, заң консультанттарының палаталарымен, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекеттесуді оңтайландыруға арналған заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру көзделген.

Осыған орай, Әділет министрлігі, «Заң кеңесшілері палатасы» РҚБ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арасында жасалған Меморандум шеңберінде Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі әзірленуде.

Бұл жүйе ҰАТ АҚ-ның инвестициялық жобасы болып табылады.

Шілдеде Астана, Алматы қалалары адвокаттары мен заңгерлеріне жүйемен танысу және оны қолдану шаралары өткізілді.

Бүгінгі таңда жұмыс жалғасын табуда және жүйе пилоттық аймақта сынақталуда.

Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі адвокаттар мен заң консультанттары қызметін автоматтандыруға және оңтайландыруға, халыққа заң көмегін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ақпаратты жедел алуға, оны онлайн режимінде көрсетуге, қағаз құжат айналымын азайтуға, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәлімет алу кезінде уақытты үнемдеуге және қаржылай шығындарды азайтуға және т.б. мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта аталған жүйені «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорымен, «Азаматтық хал актілерін тіркеу» ақпараттық жүйесімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «электрондық үкіметі» сыртқы шлюзі арқылы ықпалдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Халыққа заң көмегін уақтылы және сапалы көрсету мақсатында адвокаттар қауымдастығын, сондай-ақ заң консультанттары палаталарын осы ақпараттық жүйені әзірлеуге қосылуға шақырамыз.