Жамбыл облысы Әділет департаменті «Ашық есік күні» акциясын өткізді

Жамбыл облысы Әділет департаменті «Ашық есік күні» акциясын өткізді

2018 жылдың 20 тамызында Жамбыл облысы Әділет департаменті «Small» сауда орталығының аумағында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің Департаменті, Жер қатынастары бөлімі, Жұмыспен қамту және зейнетақылар орталығы, Тараз қаласы әкімдігінің білім басқармасы және Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық есік күні» акциясын ұйымдастырды.

Сұхбат алаңы қала тұрғындарына алаңдаушылық тудыратын мәселелерді қарауды жеңілдетті, олар: мұраны қабылдау, салық төлеу, шағын және орта бизнесті ашу және дамыту механизмдері, жұмыспен қамту мәселелері. Акция барысында 150-ге жуық азамат тегін кеңес алды.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі