Ағымдағы жылдың 23 тамызында,Әділет министрлігінде зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мен толықтырулар енгізу қағидаларын түсіндіру бойынша кеңестер жүргізілді

Ағымдағы жылдың 23 тамызында,Әділет министрлігінде зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мен толықтырулар енгізу қағидаларын түсіндіру бойынша кеңестер жүргізілді

Ағымдағы жылдың 23 тамызында,Әділет министрлігінде зияткерлік меншік саласындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - Заң) қағидаларды түсіндіру бойынша кеңестер жүргізілді.

Заңның ең басты мақсаты – зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру, зияткерлік меншік объектілерін тіркеу тәртібін жеңілдету, құқықтық кемшіліктерді жою және де зияткерлік меншікті қорғау саласындағы әкімшілік кедергілерді құрайтын нормаларды алып тастау.

Жұмыс барысында зияткерлік меншік саласындағы бейнеконференцбайланыс түріндегі кеңеске Зияткерлік меншік құқығы бойынша Департаментінің (бұдан әрі - ЗМҚД), Ұлттық зияткерлік меншік институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі -ҰЗМИ РМК), аумақтық әділет органдардың мамандары қатысты.

Кездесу барысында Заңның нормаларын нақтылау туралы ЗМҚД Өнеркәсіптік меншік басқармасының басшысы А.Б. Әбенованың, авторлық және сабақтас құқықтар бойынша басқармасының басшысы А.К. Ахметбекованың, ҰЗМИ РМК өнеркәсіп үлгісіндегі тауарлардың шығу атауы мен тауар белгісі департаментінің бастығы А.А.Казиеваның Заңның қағидаларын түсіндіру бойынша баяндамалар тыңдалды, сондай-ақ, құқықтық түсіндіру жұмыстарының сапасын көтеру мәселелері талқыланды.

 

 

Зияткерлік меншік құқығы бойынша Департаменті