
Жыл сайын Түркістан облысының Әділет департаменті мен оған қарасты қалалық, аудандық әділет басқармалары және аумақтық сот орындаушылар бөлімдерінің қызметкерлері республикалық «Мектепке жол» акциясы шеңберінде ұйымдастырылатын «Балаларға бірге көмек берейік!» деген үндеумен өткізілетін іс-шараға қатысады.
Үстіміздегі жылдың 22 тамызда, 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету» деген үндеумен өтіп жатқан «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясына қатысып, Бәйдібек ауданындағы әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасынан шыққан 10 балаға көмек көрсетілді.
Өткізілген акцияға азаматтық үлес қосып, қызметкерлердің балалардың бақыты үшін өздерінің ізгілігі мен жомарттылығын танытқан игі істері үшін Бәйдібек аудан әкімдігімен алғыс хат берілді.
Туркістан облысы
Әділет департаменті