Ағымдағы жылғы 27 тамызда сағат 11:00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегіведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болады.
Отырыста:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын (әзірлеуші – МСМ);
2. «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» Заң жобасының және оған ілеспе заң жобасының тұжырымдамаларын (әзірлеуші – ІІМ) қарастыру көзделген.
Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет.
Журналистерді тіркеу 2018 жылғы 25 тамыз сағат 18.00-ге дейін
pressgov@mail.ru поштасы арқылы жүргізіледі. Тел: 74-06-01, 74-06-02
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02