2018 жылғы 25.08. СҚО Әділет департаменті Петропавл қ. Халықты жұмыспен қамту орталығымен, СҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен, СҚО жеке сот орындаушыларымен бірлесіп алимент бойынша борышкерлер үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Осы іс-шара борышкерлерді жұмысқа орналастыру және әрі қарай алименттерді өндіріп алуға еңбекақыға жүгіну жолымен, жеке сот орындаушылардың орындауындағы проблемалық алименттерді қысқарту мақсатында өткізілді.
Алимент бойынша жұмысқа орналастырылмаған борышкерлер Қалалық мәдениет үйінде өткізілген бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне шақырылды.
Жәрмеңке қатысушыларына балабақшалар, мектептер, ауруханалар және т.б. сияқты мемлекеттік мекемелерінде, сондай-ақ, жеке коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда бос жұмыс орындары ұсынылды.
Науқанның шарттары бойынша келісті бос жұмыс орындарына орналастырудан бас тарту жалтару ретінде бағаланады және де осы жағдайларда сот орындаушыларымен алимент бойынша борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолданылады.
Петропавл қ. Халықты жұмыспен қамту орталығымен ұқсас іс-шаралар ай сайын өткізіледі. Осылайша, сондай-ақ атқарушылық өндірістер бойынша міндеттемелері бар жұмысқа орналастырылмаған барлық азаматтарда әрқашан жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бар.
СҚО Әділет департаментінің
баспасөз қызметі