«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы көпшілік талқылауы үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің legalacts.egov.kz интернет-порталында орналастырылған».
Заң жобасы әкiмшiлiк-деликтік заңнамасын одан әрi жетiлдiруге, сондай-ақ Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстi (бұдан әрi – ӘҚБтК) ізгілендіруге және репрессивтiлігін төмендетуге бағытталған, оның iшiнде:
- әкімшілік құқық бұзушылықтың бірқатар құрамын азаматтық немесе тәртіптік жауапкершілік саласына ауыстыру;
- ықтимал жеңілдету және төмендету тұрғысынан әкімшілік әрекеттер санкциясын қайта қарау
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыру үшін сот және соттан тыс сатылар арасындағы өкілеттіктерді бөлу(тәркілеу (ӘҚБтК 45-б.), арнайы құқықтан айыру (ӘҚБтК 46-б.),заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу (ӘҚБтК 49-б.),әкімшілік қамау (ӘҚБтК 50-б.) тудыратын істері қоспағанда);
- ӘҚБтК бір бабында жеке өнімдерін, жұмыстарды немесе қызметтерді жарнамалау үшін жауапкершілікті белгілейтіін, ӘҚБтК құқық бұзушылықтардың құрамын біріктіру.
- әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті электронды форматқа кезеңмен аудару;
- ӘҚБтК құқық қолдану тәжірибесінде анықталған құқықтық кемшіліктер мен қақтығыстарды жою.
Заң жобасын қабылдау республикалық және жергілікті бюджеттер кірістерінің қысқартуына немесе шығыстарының ұлғаюына әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Заңнама департаменті