Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

А.ж. 23 шілдесінде қолданысқа енгізілгенҚазақстанРеспубликасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының(бұдан әрі – Заң) 58-бабына сәйкес адвокат өзін алқаға мүшелікке қабылдаған күннен бастап төлейтін кіру жарналарына тыйым салынды.

Кіру жарналарын алып тастаудың мақсаты – мамандыққа жас заңгерлердің кіруінқамтамасыз ететін және адвокаттар арасындағы бәсекелестікті күшейтуге бағытталған мүліктік кедергіні жою.

Осыған қарамастан кейбір аймақтардың адвокаттар алқалары адвокат болуға ынталы тұлғалардан алынып тасталған алғашқы кіру жарналарын нысаналы жарналарға ауыстыру арқылы талап етуде.

Атап өту қажет, нысаналы жарналар адвокаттар алқасын материалдық қамтамасыз етуге, адвокаттарға сыйақы, олардың басқару органдарында жұмыс істеуіне байланысты шығыстардың өтемақысы, жалақысына және өзге шығыстарына жұмсалып, адвокаттар алқасының жалпы жиналысының (конференцияның) айрықша құзыретiне жатадыжәне бірінші рет мүшелікке тұратын тұлғалардан талап етілмейді.

Біздің ойымызша, адвокаттар алқаларының осындай әрекеттері Заң ережелеріне тікелей қайшы келеді және адвокат болғысы келетін тұлғалардың мамандыққа қол жетімділігіне кедергі келтіру ретінде бағаланады.

Әділет министрлігі Заң нормаларының ережелерін іске асыру және адвокатура саласындағыпроблемалық мәселелерді реттеу мақсатында уәкілетті органдар және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын комиссия құрды.

Адвокаттар алқаларының нысаналы не/немесе басқа да жарналарды заңсыз талап ету фактілері бойынша Әділет министрлігінің байланыс телефондары арқылы: 8 (7172) 740676, 740783, 740617 хабарласуды ұсынамыз.