Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының жобаларын жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының жобаларын жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2020 жылғы 15 мамырда «Ашық бюджеттер» интернет-порталында (https://budget.egov.kz) Әділет министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған келесі бюджеттік бағдарламаларының жобалары жария талқылау үшін орналастырылғанын хабарлайды:  

 

001 «Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету»;

005 «Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі»;

006 «Мемлекеттік органдардың заң шығару қызметін ғылыми сүйемелдеу»;

009 «Халықты құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету және Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесін жүргізу»;

047 «Төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ төрелікке және сотқа дейінгі дауларды реттеу процесінде мемлекеттің мүдделерін қорғау және білдіру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау»;

060 «Сот-сараптама кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»;

065 «Сот сараптамалары бойынша қызметтер».