«Болашаққа көзқарас»

«Болашаққа көзқарас»

Еуразиялық патенттік ведомство Еуразиялық патенттік ұйымның                    25 жылдығына орай «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік Универсиадасының өткізілуі туралы хабарлайды.

Универсиадаға қатысуға 18-25 жас аралығындағы білім беру мекемелерінің білім алушылары және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Универсиада келесі тақырыптар бойынша шығармашылық жұмыстар (ғылыми-техникалық шығармашылық нәтижелері баяндалған жұмыстар) конкурсы түрінде өткізіледі:

  • «Біз - Н. Тесланың ұрпағымыз. Табиғаттың барлық заңдары біздің қолымызда»;
  • «Біз - Д. Менделеевтің ұрпағымыз. Химияландырамыз ба? Иә! Өмір сүру ұзақтығын арттырамыз!»;
  • «Біз - Авиценаның ұрпағымыз. Біз «Медициналық ғылым канонының» алтыншы томын жасаймыз!»;
  • «Біз – А. Гаудидің ұрпағымыз. Ертеңгі қала қандай болмақ?»;
  • «Әрқашан байланыста - бірге оқимыз, бірге демаламыз. Қашықтықтан оқыту және интерактивті демалыс жүйелері»;
  • «Әлеуметтік желілердегі әлеуметтік қашықтық – қазіргі әлемде қауіпсіз коммуникацияны қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері»;
  • «Вирустан қорғау - жау өтпейді! Дәрігерлер мен пациенттерді инфекциядан жеке қорғау жүйелері»;
  • «Жылдам, жоғары, күшті және ... жақын! Пандемия жағдайында спорттық дене бітімін сақтауға арналған инновациялық тренажерлар мен жүйелер».

Шығармашылық жұмыс орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсыныла алады. Шығармашылық жұмысты және оған қоса берілетін материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар Еуразиялық патенттік ұйымның веб-порталында орналастырылған

 (https://www.eapo.org/ru/documents/norm/polog_univers_2020.html).

Шығармашылық жұмыстарды жіберу мерзімі: 2020 жылғы 15 қазан -2021 жылғы 28 ақпан.

Универсиада қорытындысы 2021 жылдың 31 наурызына дейін жарияланады.

Универсиадаға қатысуға шақырамыз!