
2020 жылы 6 қарашада Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті «Zoom» ақпараттық платформасында мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін ҚР Президенті мен ҚР Үкіметі актілерінің жобаларын әзірлеу, келісу мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинарда барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша мемлекеттік органдар жүргізетін құқықтық мониторинг мәселелері қаралды. Құқықтық мониторингтің мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы заңнаманың тиімділігін бағалау және болжау болып табылады.
Бүгінгі таңда, Әділет министрлігімен семинарда жария етілген және талқыланған, құқықтық мониторингті жүргізудің жаңа тәсілдерін әзірледі. Тиісті түзетулер оларды талқылау мен пысықтауды ескере отырып, ресми түрде мемлекеттік органдарға және өзге де мүдделі тұлғаларға келісуге жіберілетін болады.
Семинарда ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің заңға тәуелді актілерінің жобаларын әзірлеу және келісу процесін жетілдіруге, мемлекеттік органдардың интранет-порталының жұмыс істеуіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне қатысты мәселелер және басқа да ағымдағы мәселелер талқыланды.
Анықтамалық*
Заңға тәуелді актілер департаментінің қызметі заңнаманы жетілдіруге бағытталған және Мемлекет Басшысы, Үкімет және ҚР Премьер-Министрі актілерінің жобаларына Конституцияға және қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан заңдық сараптама жүргізу болып табылады.
Жыл сайын Департаментке заңдық сараптамасын жүргізу үшін 1500-ге жуық (Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары және Премьер-Министр өкімдері) жоба келіп түседі.
Соңғы 5 жыл ішінде Департаментпен 6 мыңнан астам заңға тәуелді актілердің жобасына заңдық сараптама жүргізді.