2020 жылғы 29-30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігімен БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесе отырып «Зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру және роялти төлеу мәселелері» тақырыбында онлайн-тренинг өткізілді.
Тренинг жұмысына БҰҰ Даму Бағдарламасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасының ЖОО-ның, сондай-ақ коммерцияландыру саласындағы халықаралық сарапшылары қатысты.
Онлайн-тренинг барысында халықаралық сарапшылармен мемлекеттік секторда зияткерлік меншікті коммерцияландыру, коммерциялық мәмілелер негізіндегі зияткерлік меншікті басқару және келіссөздер жүргізу, зияткерлік меншікті мемлекеттік қаржыландыру және т.б. тақырыптарда материалдар ұсынылды.
Халықаралық сарапшылар мен тренингке қатысушылар жоғарыда көрсетілген мәселелерді талқылауға белсенді қатысып зияткерлік меншікті коммерцияландыру мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, тренингке қатысушылар осы саланың өзекті мәселелері мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.